? «BilimQadam‑2025» – жас педагогтер жәрмеңкесі өтті!

Бүгін Шымкент қаласындағы Көрме орталығында педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

? Мақсаты: жас мамандар мен білім беру ұйымдары арасындағы тікелей байланысты нығайту.

? Іс-шараны Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеде 344 бос жұмыс орны ұсынылды:
– 243 — мектеп мұғалімі;
– 60 — балабақша тәрбиешісі;
– 41 — қосымша білім беру маманы.

? Сонымен қатар, қатысушылар НОБД HR жүйесі арқылы тіркеліп, құжат тапсыру тәртібімен танысты.
? «HR тіркеу бұрышында» мамандар ЭЦҚ арқылы онлайн тіркеуге көмектесті.

?
Айта кетейік, грант негізінде оқыған, GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары, сондай-ақ сертификаттаудан өткен түлектер конкурссыз жұмысқа қабылданады.

✨ Жас мамандарға — сәтті таңдау, жарқын кәсіби жол тілейміз!

#BilimQadam2025 #ЖасМаман #Педагог #Шымкент #БілімБасқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *