Шымкентте 47 тонна қоқыс шығарылды: сенбілікте атқарылған жұмыстар жайлы

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру — бүгінгі таңда еліміздің басты міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қарқынды жүзеге асырылуда.

Аталған акция ел көлемінде кең қолдау тауып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстау бағытындағы игі бастамаларға серпін берді. Осы бастаманың жалғасы ретінде Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті жалпықалалық сенбілік өткізілді.

Қаланың бірнеше аумағында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Сенбілік жұмыстары Қаратау ауданына қарасты Тассай тұрғын алабы мен Мирас шағынаудандарында, сондай-ақ қаланың орталық көшелерінде ұйымдастырылып, тазалық шаралары белсенді түрде жүргізілді. Іс-шараға 60-тан астам адам қатысып, 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары барысында:

тұрмыстық және құрылыс қалдықтары;

қураған ағаштар мен сынған бұтақтар;

жиналмай қалған түрлі қоқыстар жиналып, арнайы полигонға жеткізілді.

Нәтижесінде 47 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылды.

Мақсат — таза орта мен салауатты қоғам қалыптастыру

Мұндай сенбіліктердің басты мақсаты — тек қоқыс жинау емес, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу, тұрғындарды тазалыққа бей-жай қарамауға шақыру, ортақ ортаға деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыру.

«Тазалық — мәдениетті қоғамның көрсеткіші. Әр азамат өзінің тұрғылықты аумағының тазалығына бейжай қарамаса, қала экологиясы да жақсара түседі», — дейді сенбілікке қатысушылар.

Құрметті қала тұрғындары!

Аула мен қоршаған ортаның тазалығы — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Қаладағы тазалықты сақтау — тек коммуналдық қызметтің ғана емес, барша азаматтың борышы.

Қаламыздың көркеюі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызмет мамандарына құрметпен қарап, Олардың жұмысын жеңілдету үшін өзіміз де аулалар мен көшелерде тазалық сақтауға атсалысайық.
Себебі, тазалық — өзімізден басталады!

«Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, қаламызды таза, жасыл әрі жайлы етуге бағытталған нақты іс-шаралармен жалғасады.

Таза қала – жайлы өмірдің кепілі!
Бірге әрекет етсек – үлкен нәтижеге қол жеткіземіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *