МАМАНДЫҚҚА АДАЛДЫҚ БАСТЫ ҚАҒИДА

Теміржол саласы – ел экономикасының күре тамыры. Осы салада үздіксіз еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі – Муминов Дилмурод. Ол бұл салада 22 жыл 9 ай еңбек етіп, кәсіби жолында үлкен тәжірибе жинақтаған білікті маман.

Дилмурод Муминов өзінің еңбек жолын Түркістан қаласындағы локомотив пайдалану депосында машинисттің көмекшісі болып бастаған. Жауапкершілігі жоғары, тәртіпке берік қызмет атқара жүріп, өз ісіне деген адалдығымен көзге түсті. Жылдар өте келе біліктілігін арттырып, кәсіби деңгейін шыңдады.

Бүгінде ол теміржол саласында басшылық құрамның қатарында – бастықтың орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұл — тынымсыз еңбек пен адал қызметтің нәтижесі. Оның еңбекқорлығы, кәсіби шеберлігі жас мамандарға үлгі бола алады.

Муминов Дилмурод сынды өз ісінің шеберлері теміржол саласының тұрақты дамуына, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігіне үлкен үлес қосып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *