МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан басшысы аппарат құрамына әкімнің жаңадан тағайындалған орынбасарын таныстырып, алдағы атқарар қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, орынтағына жайғастырып, бірнеше міндеттерді жүктеді. М.Ердешов 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын агрономия мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1974 жылы Мақтаарал ауданы «Новый путь» совхозында жұмысшы болып бастаған. Жоғары оқу орнын аяқтап келгеннен соң бірнеше мекеменің аға агрономы, биолабараторияның меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1984 жылы «Новый путь» совхозында агроном энтомолог, 1989 жылы дәл осы совхозда директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, 1991 жылы Жетісай аудандық компартиясында дайындаушы, 1993 жылы «Қуат» фирмасында бас маман болып жұмыс істеді. Мұнан соң 1999 жылы Мақтаарал ауданының аумақтық басқармасында мемлекеттік фитосанитарлық инспектор, 2001 жылы карантинді өсімдіктер бойынша бас маман – инспектор лауазымдарында еңбек етті. 2007 жылы Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман — жер инспекторы, кейіннен Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман — жер инспекторы лауазымдарында қызмет атқарды. 2010 жылы Шымкент қаласындағы «Агритех» ЖШС-де жетекші маман, 2013 жылы «Precision» ЖШС-нің директоры болып еңбек жолын жалғастырған. 2017 жылдан бастап Мырзакент кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы, кейіннен Мырзакент кентінің әкімі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында белсенді жұмыс атқарды. Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Жаңажол ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Ақпарат  Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *