ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

2025 жылдың 20 қыркүйегінде, Бүкіләлемдік тазалық күні аясында Шымкент қаласында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке Еңбекші ауданы белсене қатысып, аумақты абаттандыру мен санитарлық тазалыққа бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Сенбілікке мемлекеттік мекемелер, коммуналдық құрылымдар, өндірістік аймақтар, әлеуметтік нысандар мен жергілікті тұрғындар кеңінен тартылды.

Еңбекші ауданы бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарының нәтижесі

Сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 500 қызметкер жұмылдырылып, 30 арнайы техника көмегімен 17 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, ауданның тұрғындары да тазалық шараларынан тыс қалмай, 3706 адам өз еркімен сенбілікке қатысып, туған өлкеге деген жанашырлықтарын көрсетті.

Өндірістік аймақтар мен мекемелер де сенбілікке айрықша үлес қосты:

  • «Оңтүстік» индустриялық аймағы – 2000 қызметкер, 4 техника, 5 тонна қоқыс;

  • «Жұлдыз» индустриялық аймағы – 200 қызметкер, 2 техника, 1 тонна қоқыс;

  • «АЭА» арнайы экономикалық аймағы – 300 қызметкер, 2 техника, 2 тонна қоқыс;

  • Жайлы ортаны дамыту басқармасы – 26 қызметкер, 2 техника, 2 тонна қоқыс;

  • Құрылыс басқармасы – 30 қызметкер, 2 техника, 3 тонна қоқыс;

  • Шымкент «ӘКК» АҚ басқармасы – 20 қызметкер, 1 техника, 2 тонна қоқыс;

  • Ішкі саясат басқармасы – 30 қызметкер, 1 техника, 2 тонна қоқыс;

  • «Водоканал-1» ЖШС – 30 қызметкер, 2 техника, 1 тонна қоқыс;

  • «QazaqGaz Aimaq» ШӨФ – 60 қызметкер, 1 техника, 2 тонна қоқыс;

  • Еңбекші аудандық электр тарату бөлімі – 30 қызметкер, 2 техника, 2 тонна қоқыс;

  • Еңбекші аудандық полиция басқармасы – 200 қызметкер, 3 техника, 4 тонна қоқыс;

  • «Петро Қазақстан» компаниясы – 300 қызметкер, 4 техника, 3 тонна қоқыс.

Әлеуметтік нысандар да белсенділік танытты

Аудан аумағындағы 109 әлеуметтік мекемеден – мектептер, балабақшалар, медициналық ұйымдар мен мәдениет үйлерінен барлығы 4360 қызметкер қатысып, сенбілікке өз үлестерін қосты. Бұл мекемелердің көмегімен 10 техника жұмылдырылып, 12 тонна қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.

Жалпы қорытынды

Сенбіліктің жалпы қорытындысы бойынша:

  • 11 792 адам сенбілікке белсене қатысты;

  • 66 арнайы техника жұмылдырылды;

  • 58 тоннадан астам қоқыс пен қатты қалдықтар шығарылды.

Атқарылған негізгі жұмыстар

Сенбілік барысында келесі жұмыстар атқарылды:

  • Қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу;

  • Шөп ору;

  • Дәнекерлеу, сырлау, әрлеу жұмыстары;

  • Аулалар мен қоғамдық орындарды жаппай тазалау;

  • Қалдықтарды жинау және арнайы орындарға шығару;

  • Жаяу жүргінші жолдары мен көше бойларын ретке келтіру.

Еңбекші ауданында өткен сенбілік тазалық пен тәртіпке шақырған нақты қадам ғана емес, тұрғындардың туған қаласына деген жанашырлық сезімінің көрінісі болды. Ауқымды шараға барлық сала өкілдерінің жұмылуы – бірлік пен ұжымдық жауапкершіліктің үлгісі.

Мұндай сенбіліктер арқылы экологиялық мәдениет қалыптасып, болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы өмір сүру ортасы қалдыруға нақты үлес қосылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *