ТҮРКІСТАНДА 2020 ЖЫЛЫ ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАН ПАЙДА БОЛАДЫ

2020 жылдың соңына дейін «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Түркістан қаласында 25 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.  «Түркістан» ӘКК басшылығы мен құрылыс компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен жиында «Сырдария» және «Арман» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау мәселелері талқыланды. Келіссөз барысында құрылыс салушылардың үй құрылысын аяқтау үшін қаржының жетіспеушілік мәселелері бар екені анықталды. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап қаржыландыру шарттарын анықтап, нақты механизмдерін мақұлдады. Сатуға арналған құрылысы жүріп жатқан объектілер алаңының жалпы көлемі 58 мың шаршы метр, ал жалпы сомасы шамамен 10 млрд. теңгені құрайды. Жаңа шағын ауданның пайда болуы 800-ден астам жас және көп балалы отбасыларға биыл баспаналы болуға мүмкіндік береді. «Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Түркістан – жаңа қала» шағын ауданында 6 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ал 2020 жылы 25 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *