Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына және Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының 2025 жылғы қыркүйектегі №2035 хатына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында экологиялық сағат өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялауға баулу, қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және экологиялық мәдениетті дамыту.
Экологиялық сағат барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы маңызды ақпараттармен танысты. Сабақ құрылымы бірнеше бағытты қамтыды: Тақырыптық видеороликтер көрсету арқылы экологиялық мәселелерге назар аудару; Интерактивті сұрақ-жауап және пікірталас ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; Топтық жұмыс форматында экологиялық мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылау; Шығармашылық тапсырмалар арқылы (постер салу, ұрандар жазу) оқушылардың экологиялық тақырыпқа қызығушылығын арттыру.
Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушыларға табиғатты қорғаудың күнделікті өмірдегі қарапайым жолдарын түсіндіріп, әрбір адамның экологияға деген ықпалы туралы нақты мысалдар келтірді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – тек мектеп қабырғасында ғана емес, қоғам өмірінің барлық саласында маңызды міндет. «Таза Қазақстан» сияқты акциялар арқылы өскелең ұрпақтың санасына тазалықтың, табиғатты сақтаудың, туған жерге жанашыр болудың мәні тереңінен сіңіріледі. Мектеп әкімшілігі бұл тәрбие сағатын тәрбиелік мәні зор бастама ретінде бағалап, экологиялық тәрбие жұмыстарын тұрақты түрде жүргізудің маңызын атап өтті. №60 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген экологиялық сағат — бұл жай ғана іс-шара емес, бұл жас ұрпақты табиғатты сүйіп, қорғауға үндейтін, елге, жерге деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыратын маңызды қадам. Таза Қазақстан — бұл әр азаматтың жауапты көзқарасынан басталады. Табиғатқа деген қамқорлық — жарқын болашақтың кепілі.