Бүкіләлемдік тазалық күні: Дін істері басқармасының мамандары сенбілікке қатысты

2025 жылғы 20 қыркүйекте әлем елдері атап өтетін Бүкіләлемдік тазалық күні аясында Шымкент қаласында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға Қарасу шағын ауданындағы №26, №29, №4, №5 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары таңдалып, қоршаған ортаны тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұл күні қала тазалығына ерекше мән бергендердің қатарында Шымкент қаласының Дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы, сондай-ақ қаладағы діни бірлестіктердің өкілдері болды. Олар көпқабатты үйлердің аулаларын, жаяу жүргінші жолдарын және жасыл аймақтарды тұрмыстық қалдықтан тазалап, игі бастаманың алғы шебінде көрінді.

– Бұл тек тазалық шарасы емес, бұл – қоғамның мәдениетін, азаматтардың жауапкершілігін көрсететін бастама. Туған қалаға жанашырлық пен қамқорлықты осындай нақты әрекеттермен білдіруге болады, – дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Сенбілік – қаланың сырт келбетін жақсартумен қатар, қоғамдық белсенділікті арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Шараға қатысқан дін қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар ортақ іске жұмыла кірісіп, «таза қала – таза сана» ұранын шынайы әрекетпен дәлелдеді.

Бұл игі іс-шара қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосумен қатар, әлеуметтік келісім мен өзара сыйластықтың нақты көрінісі болды. Түрлі діни конфессия өкілдерінің бір арнада тоғысып, ортақ мақсатта жұмылуы – бірлік пен ынтымақтың нышаны.

Сенбілікке қатысу – туған қалаға деген сүйіспеншілік пен қоғамға деген қамқорлықтың жарқын көрінісі.
Шымкент тұрғындарының мұндай белсенділігі Бүкіләлемдік тазалық күнінің мәнін айқындай түсті.

ЕСке салсақ, осыған дейін дін істері басқармасының мамандары экологиялық сенбілік барысында Қабанбай батыр даңғылы 10а, 10б және Шығанақ көшесі 24, 25 мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоршаған орта тұрмыстық қалдықтан тазартты. Абаттандыру жұмыстары жүргізді. Бұл тек тазалық емес, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадам болды.

Сонымен бірге, қаладағы мешіттер мен шіркеулердің айналасында да тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, барлық діни бірлестіктер бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

– Діннің басты қағидаттарының бірі – тазалық. Тазалыққа мән беру — рухани мәдениетіміздің бір бөлігі. Сондықтан біз бұл акцияға ерекше ықыласпен қатыстық. Ортақ үйіміз – Шымқаланың таза әрі көркем болуы бәрімізге ортақ міндет, – дейді сенбілікке қатысқан дін қызметкерлерінің бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *