🔷 Шымкент – қашанда қарияларын ардақтап, аға буынға ерекше құрмет көрсете білген қала. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен, “Шымқала қамқор” жобасы іске қосылды.
🔷 Жоба аясында зейнеткерлер үшін мәдениет және спорт нысандарына, театр мен музейлерге, зообақ пен бассейндерге, тіпті футбол ойындарына да тегін баруға мүмкіндік қарастырылды. Сонымен қатар «Шахматшылар» үйі мен «Белсенді ұзақ өмір» орталығы да қариялардың еркін уақыт өткізуіне қолжетімді болмақ. Тек зейнеткерлік куәлігін көрсету жеткілікті. Бұдан бөлек қаламызда 70 жастан асқан зейнеткерлерге автобуста жүру тегін.
🔷 Бұл бастама – аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүріп, қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасаудың айқын көрінісі.
🔷 Толық ақпарат бейнероликте жазылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі