ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ – САПАЛЫ ЖОЛ: 304 ШАҚЫРЫМ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Биыл қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Негізгі басымдық – қала орталығынан шалғай орналасқан елдімекендердегі топырақ жолдарды заманауи талапқа сай асфальттеу.
Жыл басынан бері қала аумағында жалпы 304 шақырым жолға асфальт төселді. Оның ішінде:
Абай ауданында – 80,4 шақырым,
Тұран ауданында – 60,7 шақырым,
Әл-Фараби ауданында – 20,1 шақырым,
Қаратау ауданында – 78,5 шақырым,
Еңбекші ауданында – 64,3 шақырым.
Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда, көлік қозғалысын жеңілдетуде және шалғайдағы елді мекендерді орталықпен байланыстыруда маңызды. Жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасады. Жалпы жыл соңына дейін қала аумағындағы жолдардың жақсы және қанағат жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *