Түркістан облысында 200-ден астам көлік айыптұраққа қойылды

Созақ ауданы ПБ полиция қызметкерлерінің кешенді күштерімен, жыл басынан бері 3 409 әкімшілік құқық бұзушылық жайттары анықталуда. Мысалы, Ресей, Армения, Қырғызстан мемлекетінен келген шетел автокөліктері техникалық байқаудан және міндетті сақтандырудан өтпей, автокөлік жүргізушілері өзінің қауіп төндіріп басқаруының 402 дерегі анықталып, 112 автокөлік айыптұраққа қойылған. Сонымен қатар жол жүру ережелерінің 7.4 тармақтарының талаптарын бұзып, автокөлікке қосымша заттарды орнату, көлік құралдарының алдыңғы және алдынғы бүйіріндегі әйнектеріне күңгірттеу қағаздарын жабыстырудың 68 жайты анықталып, 31 автокөлік айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ автокөлік құралдарын алкогольдік, уытқұмарлық масаң күйде басқарудың 21 дәйегі анықталып, барлығы айыптұраққа жіберілді. Полиция қызметкерлері жол көлік оқиғаларының және олардың салдарынан болатын жол қозғалысына қатысушы азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының салдарын жою мақсатында тұрғындарға күнделікті жолда жүру ережелерін түсіндіріп, іс-шараларды көптеп өткізуде. Алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *