Құтқарушылар күні ұлықталды

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер еліміздің қауіпсіздігін, төтенше жағдайларда адамдардың өмірі мен мүлігін қорғап, азаматтарға әрқашанда жәрдем беріп келуде.  Биыл өз қызметін намыспен атқаратын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 26 жыл толып отыр. Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала, облыс және республика көлемінде орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін қосып келуде.

Құтқарушылар күніне орай іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, ТЖ департаментінің басшы және жеке құрамы қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында 1988 жылы қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған өрт сөндіруші Бахыт Алпысбаевтың ерлігі туралы сахналық көрініс болады. Батыр өрт сөндірушінің 1988 жылы мұнай зауытында орын алған алапат өртті сөндіру кезіндегі жасаған ерлігі баяндалады.

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дамуына және нығаюына өз үлесін қосып, еліміздің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  ерен еңбектерімен көзге түскен қызметкерлер азаматтық қорғау органдарында аз емес. Аталған іс-шарада өз қызметтік міндеттерін сапалы, тиімді, мінсіз атқарып, қызметін адал орындаған  30 қызметкер азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан үлестері үшін «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, Шымкент қаласы мәслихаты мен қала әкімінің «Алғыс хатымен», «Құтқарушы», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгілерімен марапатталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *