Шымкентте құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы кәсіпкерлерді құрылыс жұмыстарын Заң талаптарына сәйкес жүргізу қажеттігін ескертеді. Іс-шараларды жүргізу барысында ҚР құрылыс нормалары, техника және еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындауға міндеттеледі. Бұл ретте бірқатар талаптарды атап өтсек.

Тапсырыс беруші құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды орындауы қажет:

тапсырыс беруші ҚР жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алу;

жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу;

мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісімшарт жасау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлауы керек (Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама мемлекеттік ақпараттық жүйесі elicense.kz порталы арқылы хабарлауы керек).

Құрылыс нысандарында міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады. Атап айтқанда, тапсырыс берушілер құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде нысан құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынады (есепті ekurylys.kz порталы арқылы объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есептерді ұсынады).

Мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға міндетті.

Құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша тұтас қоршаумен, бөгде адамдардың кіруіне жол бермейтіндей етіп қоршалады. Яғни, адамдар өтетін тротуарға немесе жүру бөлігіне қарай  қоршаудың жоғарғы жағын қорғаныс күнқағарымен жабдықтау қажет. Қоршаулар, арнайы техникалар мен құрылысшылардың еркін қозғалуына арналған қақпалар қатты материалдан (метал, ағаш, және т.б.) жасалған панельдерден немесе қоршауға арналған темірбетонды панельдерден дайындау қажет.

Алаңішілік жолдар мен кіреберіс жолдарды құрылыс алаңдарына жайластыру, төсеніш салу және асфальтталған қалалық жолдарға жанасуын қамтамасыз етуге міндеттеледі. Шыға берісте көлік құралдарының дөңгелектерін  тазалау, жуу пункттерімен жабдықталады. Сонымен қатар, қоқыс жинау бункерлерін орналастыру керек.

Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда басқарма белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияларынан айыра отырып, шаралар қабылдайтын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 24-75-05 (Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы №10, 9 қабат, 905 каб.) нөміріне хабарласу қажет.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *