Қ.Тоқаев: Сын сағатта батыл шешім қабылдау ел алдындағы президенттік әрі перзенттік міндетім

Бүгін, Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халқымызға жолдау арнады. Өз басым  президентіміздің бүгінгі үндеуі Жаңа Қазақстанды құрудың іргесінде тұрған еліміз үшін жаңа саяси реформалардың жүзеге асуына үлкен бір серпін береді деп есептеймін.

Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады. Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін деп күллі халқымызды жарқын болашақ үшін қызмет етуге шақырды.

Мемлекет басшысы жасалынды деген атақ үшін ғана немесе біреуге жағыну үшін жасалынған реформаның  бізге керегі жоқ, қазір қағаз жүзіндегі жетістікке қуанып масаттанатын заман емес,-деп нақты атқарылуы тиіс жұмыстар мен бағыт-бағдарларды шегелеп берді.

БЕРТАЕВ ЕСІМХАН ҚАЛМАХАНҰЛЫ

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *