«AMANAT»: ШАРДАРАДА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

2022 жылдың 15 наурызында бастау алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобы өңірдің 14 ауданы, 66 шалғай елді мекенін аралап, азаматтардың мәселесін тыңдады. Жалпы 900-ден астам арыз-шағымдар келіп түсіп, оның 350-ден астамы оңтайлы шешілді. Ал 540 өтінішке заң аясында кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

Кезекті қабылдаулар Шардара ауданында жалғасып, 4 елді мекен қамтылды. Оған 100-ге жуық тұрғын шешімін таппай келген түйткілдерді көтеріп, өз шағымдарын жеткізді.  Мәселен, басым бөлігі табиғи газ құбырын тұрғын үйлерге жеткізу жөнінде сұрау салды. Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің халқы көгілдір отынмен қамту кезек күттірмейтін мәселе деп санайды. Ақберді елді мекенінің тұрғыны Е.Күленбаев пен Жаушықұм ауыл округінің тұрғыны Ә.Ілесов жауапты сала мамандарымен тілдесіп, мәселенің анық-қанығына көз жеткізді.

Мамандардың айтуынша, Ақберді елді мекенін газбен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінген, қазан айында жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Ал, Жаушықұм ауыл округіне көгілдір отынды жеткізу жұмыстарының құрылысы 2023 жылы басталады. Сондай-ақ қабылдауға келген Шардара ауылының тұрғыны Т.Мырзакелдиев ауыл сыртында мал өлекселерінің көбейгенін, оны жинақтауға арнайы жер бөлуінуі керек деген өтінішін арқалай келді.

— Ауылды жерде тұрғандықтан күнкөрісіміз тікелей төрт түлікке байланысты. Дегенмен, ауырып немесе басқа жағдайлармен үй жануарлары өліп қалып жатады. Осы уақытқа дейін ауыл сыртында мал өлексесін жинайтын арнаулы орын бар болатын. Бірақ, қазір ол жер толып қалғандықтан жарамсыз күйде жатыр. Тұрғындар өлексені әр жердегі сай-салаға тастауда. Бүгін «AMANAT» партиясы ұйымдастырған осы қабылдауда шешілер деген ниетпен мәселемді айтып, тиісті жауап та алдым. Ауыл әкімдігі хат жолдаған екен. Құрылыс үшін 0,1 гектар жер сұратылыпты. Құжаттар реттелген соң оң шешілетін секілді ,-дейді ауыл тұрғыны.

Мобильді топ құрамындағы облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, облыстық жауапты басқармалар мен салалық бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері Алатау батыр, Ұзын ата, Қ.Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерін аралады.

Кездесулерде көшелерге асфальт жолдар салу, ауыз су жүйелері ақауларын ретке келтіру, жарықпен қамту, су мұнарасын қайта жөндеу, жабық типтес алаңшалар салу, мәдениет үйді күрделі жөндеуден өткізу, жайылым жер, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер назарға алынды. Тіркелген әрбір өтініш партияның облыстық филиалы мен тиісті мекемелердің бақылауына алынып, мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.

 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *