Шымкентте 300-ден астам оқушы әскери өмірмен танысты

Танкистер күні қарсаңында Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында оқушылар үшін Ашық есік күні өтті. Аталған шараға қала мектептерін бітіруші оқушылар мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубынан жалпы 300-ден астам бала келді.

Балаларды әскери өмірмен таныстыру бақылау өткізу пунктінен басталды. Онда оқушылар тобын бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Калидолдин мен танк батальонының командирі майор Руслан Қожағалиев күтіп алды. Олар қонақтарға экскурсия өткізіп, әскери бөлімнің тарихы мен жауынгерлік жолы туралы айтып берді.

Әскери қызметшілер жас меймандарға жауынгерлік және салтанатты киім үлгілерін, қару-жарақтың түрлерін көрсетті. Жастарға бөлім аумағындағы жауынгерлік техникалар туралы егжей-тегжейлі тайтып берді. Көптеген оқушылар қару-жарақты көріп қана қоймай, сонымен қатар бөлшектеу мен құрастыруға да мүмкіндік алды.

Нағыз жауынгерлік қаруды ұстау тек ұлдардың ғана емес, қыздардың да арманы. Солардың бірі № 129 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Сымбат Мырзағали.

– Экскурсия өте қызықты өтті. Біз әскери қызметшілерге олардың өмірін барынша жақыннан көруге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен ризамыз, – деді Сымбат.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *