Түркістандық полицейлер заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады

Түркістандық полицейлер рейд барысында балық аулап келе жатқан браконьерді ұстады. Браконьердің «Тойота камри» маркалы көлігін тексеру кезінде, жүк салғышынан 97 сазан, яғни 100 келіге тарта балық айғақ зат ретінде алынған. Полиция қызметкерлері күдіктіні істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді. «Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұған дейін де балық аулап, мейрамханаларға өткізіп жүрген. Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық Кодекстің 335-бабы 1-бөлігі бойынша (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) тіркеуге алып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде», — деп хабарлады құзырлы органнан. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *