Қазақстанда машина жасау саласының келешегі зор – Роман Скляр

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр елдегі машина жасау саласының дамуы жөнінде пікір білдірді. «Біздің болашағымыз зор. Мұнда тек автокөлік құрастыруға ғана көңіл бөлмей, мұнай-газ машинасын, энергетикалық машина жасауды да ескерген жөн. Бізде құзырет бар, онымен айналысатын адамдар бар, тиісті білім алып, осы кәсіпорындарда жұмыс істей алатын жастар бар», — деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. Вице-премьер мультипликативті әсер болуы қажеттігін айтты. «Бірақ ең бастысы – импорттаушы елге айналмауымыз керек, кей адамдар біз ештеңе өндіре алмаймыз және бәрін сатып аламыз деп айтады. Бірақ біз жаңа құзыреттерді үйреніп, өзімізде өндіріс ашуымыз керек», — деді Премьер-Министрдің орынбасары. Бұған дейін Роман Скляр утиль алымынан бас тарту туралы сұрақтарға жауап беріп, «мүмкін емес ештеңе жоқ» деген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *