«Үкіметте мұндай адамдар қалай жұмыс жасайды?» Әйтеновтың бұрынғы әйелі Президентке жан-айқайын жеткізді

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновтың экс әйелі Дана Әтешова әлеуметтік желіде видео жариялап, Президентке жан-айқайын жеткізді.Ол өз сөзінде ағайынды Әйтеновтердің жасап жатқан тірліктеріне қапалы екендігін айтқан.
«Марат Әйтенов, Мұрат Әйтенов сендер не істеп жатырсыңдар? Сендерде ұят бар ма?Адамсыңдар ма?Адам емессіңдер ма? Мұрат мен сізге қанша рет жаздым, айттым. Сіз барлығын шешемін дедіңіз.Сіз мәселені осылай шешесіз бе? Телефонды көтермейсіз?
-Құрметті Президент! Үкіметте мұндай адамдар қалай жұмыс жасайды? Өзінің туған балаларын, өзінің отбасын таптап өтетіндерді қалай адам деп айтуға болады? Қаншама қиын жағдайлар орын алуда» — деді Дана Әтешова.
Сонымен қатар Марат Әйтеновтың бұрынғы жары тағдырына қатысты жазбаларын жариялаған. Онда келіншек 9 жылдан бері күйеуінен қорлық көріп келгенін айтқан.
«Бірқатар қорлыққа шыдауға тура келді, бірақ мен берілмеймін. Бір жыл бойы Маратпен тыныш қана келісуге тырыстым. Ол мені ұрып-соғып, қорғануға мәжбүр етті және мұның бәрін менен жасырын видеоға түсірген. Осы видео жазылардан бір ай бұрын ол мені биіктігі 3 метр баспалдақтан итеріп жіберіп, тепкінің астына алды. Мен бір ай бойы қозғала алмадым. Марат сол кезде жарты жыл бұрын ажырасып кеткен екен» — деді Дана Әтешова.
Дана Әтешованың айтуынша, бұрынғы күйеуі Марат Әйтенов оның көлігі мен баспанасын тартып алу үшін барын салуда. Ал жалғыбасты әйел балалары үшін дүниеден айырмауды талап етіп отыр.
Айта кетейік, Марат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың үлкен ағасы. Ол «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ-да басшылық лауазымда қызмет атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *