АХАТ саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесі электронды режимде жүргізілуде

Мемлекеттің саясаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толығымен автоматтандыруға бағытталған. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан АХАТ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды нысанда көрсетуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың  12 қазанынан бастап қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісі пилоттық режимде іске қосылып, жүргізілуде.

Қайтыс болуды тіркеуге қатысты қызметтерді көрсетудің оңтайландырылған үрдісін пилоттық режимде жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы туралы бірлескен бұйрығы бекітілді.

Осы аталған бұйрықтың 3 тармағының 6 тармақшасында пилоттық жобаның жүргізілу кезеңіне қайтыс болған адамды жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны төлеу, қайтыс болған адамның зейнетақы жарналарын алу, мұраны ресімдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсету кезінде, азаматтардың өлімі туралы, перинаталдық өлімі туралы медициналық куәліктерді, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы  куәліктерді міндетті түрде ұсыну талабы алынып тасталды. Бұл ретте, қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы не қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы электрондық хабарламаларды «электрондық үкімет» порталында тексеру арқылы алынуы қажет.

Яғни, пилоттық режимде мемлекеттік тіркелгенде қайтыс болу туралы куәлігі берілмейді.

Г.Орымбетова

Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *