Түркістан облысының шаруалары ағын судың тапшылығынан шығынға батуда

Түркістан облысының диқандары шу шығарды. Себебі егістікке екі аптадан бері ағын су берілмеген. Бұқараның айтуынша басшылар тарапынан бақылау болмаған. Ашуға мінген жұрт ағын судың уақтылы берілуін талап етіп Ақсу өзенінің бойына жиналды. Ризығын жерден тапқан шаруалар аптап ыстықта су болмаса шығынға батамыз деп алаңдайды.

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Убайдуллаев ерте көктемде диқандарға ескерту жасалғанын айтады. Яғни екінші өнім аларда суды аз қажет ететін қияр, тары, ноқат егуді ұсыныпты.

Ал Қарабұлақ ауылының әкімі тіршілік көзіне таласқандар су арнасын өздері бұрып алуда дейді.

Мырзаев Рустам екі аптадан бері егістік алқабына су жеткізе алмай отыр. Бүгінде еккен өнімінің 60 пайызы қурап кеткен . Тағы бір екі күн су болмаса егістік алқабы түгел жарамсыз боп қалады дейді ол.

Жауаптылар кінәлі азаматтарды анықтап, суды кешке дейін жеткіземіз деді. Бірақ диқандар уақытша уәдеге сенбей қалған.

Диқандар ақшасын төлесе де ағын судан таршылык көріп отырғандарын жасырмады. Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесулерінде өңір диқандары жылына екі-үш рет өнім алуда деп сүйіншілеуде.

Сайрам ауданында бүгінде 23 мың гектарға жуық егістің алқап бар. Оның 50 пайызына ағын су жеткізу қиындық тудырып отыр дейді шенеуніктер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *