Шымкент мәслихаты ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Қарттар — қоғамның асыл қазынасы, өткен күндердің көзі, бүгінгі заманның ақылшысы. Сол себепті БҰҰ 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» етіп белгілеп, мереке жыл сайын тойланып келеді. Аталмыш мерекеге орай Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен мәслихат депутаты Нұрсұлтан Балабиев қаламыздың құрметті азаматы, қазақ қоғамының өркендеуіне мол үлес қосқан ардагер Медеуов Шерім ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, мейраммен құттықтады. Өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген қазыналы қария кейінгі толқынның әр ісіне сәттілік тілеп, батасын берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *