Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Шегебаев Әбдіғабит Құрбанұлы Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Шегебаев Әбдіғабит Құрбанұлы 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданында дүниеге келген.

Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін,  А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.

Педагогика ғылымдарының магистрі.

Қызметін 2000 жылы Шымкент гарнизонында бастады.

Департамент бастығы болып тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы Абай және Әл-Фараби аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі   басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *