Әділетті Қазақстан құру идеясының аясында бірігу

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері «Бал Текстиль» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге Шымкент қалалық қоғамдық штабтың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, «AMANAT»  партиясының қалалық филиалының атқарушы хатшы орынбасары  Мұратәлі Қалмұратов, штаб мүшелері Бахтияр Жандарбеков, Мұхаммед Қырықбаев, Мақсат Абдукаримов  мемлекеттік қолдаудың аясында бағдарламалармен таныстырды. Олар «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерге кеңінен тоқталды.

«Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен  мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Қазақстандықтыр Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде бірігу қажет», — деді өз сөзінде Б. Нарымбетов.

Кездесуге қатысқан жұмысшылар алдағы сайлауда Халықтық коалиция атынан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдайтындарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *