Әділетті экономиканы құруға Шымкенттік кәсіпкерлер дайын

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шымкент аумақтық бөлімшесінде жалғастырды.

Қоғамдық штаб төрағасы Б. Нарымбетов және штаб мүшелері Б. Тулегенов, М. Жандарбеков, М. Абдукаримов пен М.Қырықбаевтың қатысуымен өткен кездесуде  «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды.

Әсіресе, орта және кіші бизнесті дамыту мәселелеріне айрықша мән берілді.

«Сайлауалды бағдарламасының екінші қағидасы – «Әділетті экономика». Бұл халықтың, бизнес пен мемлекеттің мүдделерін тең қорғау идеясына негізделген әділетті экономиканы құруды, ресурсттарды тиімді пайдалануды білдіреді», — деп атап өтті өз сөзінде Б. Нарымбетов.

Кездесу  соңында сенімді өкілдер барша қазақстандықтарды тарихи таңдау жасауға шақырды. Түбегейлі өзгерістер мен батыл шешімдер қабылдайтын уақыт жетті. Сол үшін еліміздің әрбір азаматы маңызды саяси оқиғадан шет қалмау тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *