Бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасы құрылады

Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымның ең маңызды бөлшегі. Қарапайым еңбекқордың мәртебесін көтеруге, оларды ел арасына насихаттауға басымдық беріледі.  Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігініе байланысты болуы керек.

Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  сенімді өкілдерінің «Kazbiolife» және «Nazar textile» мекемелерінің ұжымымен өткен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында Шымкент қалалық  қоғамдық штаб мүшелері  Бейсенкүл Нарымбетова, Біржан Байтуов, Асқар Рахматалиев, Гүлжайна Жартыбековамен бірге еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда жүргізіліп жатқан реформалар жайлы айтып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы еңбек адамдарына қатысты тармақтарын жиналған қауымға кеңінен түсіндірдік.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа ұсынып отырған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін.Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының «Әділетті экономика » қағидасында заңсыз жолмен шығарылған ақшалар елге қайтарылып, халық үшін бәріне бірдей мүмкіндік беретіні жайлы баяндадық. Және еңбеккерлерге кандидат Қасым Жомарт Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған https://toqaev2022.kz/?utm_source=shymkent… сайты жөнінде ақпарат беріп, электронды түрде ұсыныс, бейне тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді.

Жиын соңында барша қазақстандықтарды алдағы келе жатқан сайлауға  белсенді қатысып, лайықты таңдау жасап, кандидатымыз Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беруге шақырдық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *