Әділетті Қазақстан бәріміз және әрқайсымыз үшін

ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері  «Қайнарбұлақ» тұрғын алабының тұрғындарымен  кездесу өткізді. Қоғамдық штаб мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды.

Сенімді өкілдер Имашев Қайрат, Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарда екенідігін атап өтті. Қалада да, ауылда да жайлы өмір сүруге жағдай жасалады. Тұрғындар таза ауыз суға, сапалы жолға, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді. Ауылдар газдандырылып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтереді.

Спикерлер кездесуге қатысқан азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады. Тұрғындар Сайлау күні Қасым Жомарт Тоқаевтың жанынан табылатынын жеткізіп, сайлаушыларды Әділетті Қазақстан үшін дауыс беруге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *