Әділетті қоғам – дамудың басты жолы!

Қазіргі кезде Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жанында шенді мен шекпендінің, бай-бағланның балдары емес, кәнігі ауылдан шыққан қарапайым азаматтар жүр… Иә, өмірлік өнеге-өресі жоғары, бастысы Елдің қамын жеген, әділдік үшін жанын берер жандар жүр. Алысқа барып қажеті жоқ, өзіміздің өңірден шыққан әділдікті ту етіп жүрген Aigul Orynbek әпкемді өз жанына шақыруы — Мемлекет басшысының әділ әрі парасатты екенін көрсетеді!

Бұл деген — дәл Біз сияқты ауылдан түлеген азаматтардың Еліміз үшін елеулі әрі тарихи өзгерістерді енгізе алатынымыздың айқын дәлелі. Бірақ, Жаңа Қазақстанды бір мен емес, баршамыз жұмыла құруымыз қажет!

Әрине, әділдік жолы — оңай жол емес! Бірақ, ақиқат үшін күресуге, тіпті ештеңеден жасқанбай-қорықпай-ақ Ел алдында ашық күресуге болады! Президентіміз айтқан Азаматтық қоғам деген осы!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *