Адам саудасының алдын алу

«Адам саудасы», «адамдардың контрабандасы», «замануи құлдық» — бұл ұғымдардың барлығы көбіне қылмыстардың түрлерін сипаттау арқылы орындары алмаса отырып, қолданылады, олардың белгілері – саудагерлердің өз құрбандарын, ересектер мен балаларды еңбекке немесе жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлей отырып пайда табу болып табылады.

Аталған заңсыз әрекеттер Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді.

Осындай қылмыстарды жасағаны үшін тәжірибеде қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚР ҚК-нің 125- бабы 3-бөлігінің 2-тармағына немесе 126-бабының 3-бөлігі 2-тармағына дәрежеленетінін атап өткен жөн.

Мұндай қылмыстардың жол кесу мақсатында, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы, шекара қызметі және өзге де құқыққорғау органдары түрлі құралдар мен тәсілдерді қолдана отырып, бұл қылмыстарға қарсы күреске ерекше назар аударады.

Мәселен, шекара қызметі мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде жүк ішіне жасырынған адамдарды анықтау мақсатында, контейнерлер мен басқа да жүк тасымалдау құралдарын жылдам қарауға мүмкіндік беретін жылжымалы және стационарлық рентген қондырғыларын пайдаланады. Одан бөлек, жүк тіркемелерінде көмірқышқыл газының немесе температураның жоғарылауын айқындауға арналған детекторларды қолданады, бұл жүк ішінде жасырынған адамдардың бар екенін айқындайды.

Сонымен қатар, шекара қызметі шекараның күзетілмейтін учаскелерінің бойында стационарлық және жылжымалы инфрақызыл қондырғыларды, сейсмикалық детекторларды қолданады, өйткені бұл қондырғылар топырақ тербелісіне сезімтал болып келетін адам денесінің (адам шекара учаскесін кесіп өту кезінде пайда болатын) жылу белгілеріне дабыл береді.

2022 жылы қабылданған шаралардың нәтижелерінде, қадағалаудағы аумақта (Шымкент қаласы және Түркістан облысы) Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс сату мақсатында, азаматтарды заңсыз алып өту фактілері орын алмаған.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы адам саудасының құрбаны болмау үшін шетелде жұмыс жасауға, білім алуға немесе некеге тұруға еліктіретін таныс немесе таныс емес тұлғалардың кез келген ұсыныстарынан аулақ болуға кеңес береді. Мұндай ұсыныстарға келіспес бұрын, Сізді шетелге шақыратын фирмалар мен олармен ынтымақтастық жасайтын делдалдардан (туристік, неке, жұмысқа орналасу және білім алуды ұйымдастыру) олардың заңды қызметі туралы нақтылау қажет.

Е. Сыздыков

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры                                                                                                  

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *