Халыққа қамқоршы ауыл екенін ұмытпайық!

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің жаппай қалаға қарай ағылғаны жасырын емес. Күнкөріс қамымен ауылдан қалаға қоныс аударушылардың қатары жылдан-жылға артпаса кемімей отыр. Әсіресе, бүгінгі жастар   «ауыл» дегенді – келешегі бұлыңғыр, өмір сүруге жағдайы жоқ мекен ретінде елестететін болды. Бұл қоғам үшін үлкен қауіп болып саналады.

«Ауыл» партиясының алға қойып отырған мақсатының өзі – тұрғындарды қайта ауылға тарта отырып, қуатты ауыл қалыптастыруға жағдй жасау болып табылады. Біз азық-түлік нарығындағы шаруаның қалтасына түсіп отырған «делдадарды» заңды түрде ығыстырып шығару үшін  жұмыс жүргізетін боламыз. Диқанның өзі өндіріп, ауылдағы кәсіпорында  өңделген өнімі тікелей үлкен қалалардағы дүкен сөрелеріне жету керек. Мал өсірумен шұғылданатын фермерлер ірі сауда орталықтарымен  өздері жұмыс жасап, өнімдерін лайықты бағаға өткізулері қажет. Ауылшаруашылығы тауарына қосылған құн салығы сол кезде ғана өндірушінің өзінде қалады.

Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың ең бірінші міндеті – өндіріс көлемін, әсіресе ауылдарда өндірілетін экологиялық таза өнім көлемін   ұлғайту, сондай-ақ ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қайта өңдеу мен логгистикалық инфрақұрылымды жолға қою болуы тиіс.

Біз ең бастысы – халыққа қамқоршы ауыл ғана екенін ұмытпауымыз керек!

Болатбек ҚЫСТАУОВ, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *