Түркістан : «AMANAT» партиясының мүшелері Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына арналған челленджді жалғастырды

Биыл қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай Мағжанның туған ауылы – Сарытомар ауылынан 7 сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек қызымыз «Мен жастарға сенемін!» атты челлендж бастап, оны алғаш болып `AMANAT` партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлына жолдаған болатын.
— Ақынның мерейлі датасын жерлестері қолдап, болашақ жас ұрпақ біздің балаларымыз насихаттағаны мен үшін қуантарлық жағдай. Мен осы челленджді әрмен қарай ақынның «Түркістан» атты өлеңімен жалғастырамын — деді `AMANAT` партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев.
— Жастарымыздың, балаларымыздың ұлт тарихы мен руханиятына деген құштарлығы бізді ерекше қуантады.
Эстафетаны Партияға беделді үлес қосқан, 20 жылға жуық еңбек еткен,Түркістан облысының құрметті азаматы Қалыйма Жантөреқызына жолдаймын! — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *