Ақмола колледжінің студенті мефедрон қойып кеткені үшін 10 жылға сотталды

2023 жылғы наурызда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот психотроптық заттарды өткізгені үшін кінәлі деп танылған Көкшетау тұрғынына қатысты үкімді жариялады. 2022 жылдың шілдесінде 19 жастағы студент қаржылық қиындықтарға тап болып, тез арада заңсыз ақша табуға шешім қабылдады. Солай желідегі жарнама арқылы ақшаға есірткі қойыап кетуші болып жұмысқа орналасқан. Екі апталық “жұмыстан” кейін жас жігітті Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іс үстінде ұстады, 22 грамнан астам мефедрон тәркіленді. Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындамады, алайда оның есірткіні заңсыз өткізуге қатысы Ақмола облысының полицейлері жинаған бұлтартпас дәлелдермен расталды. Сот студентті кінәлі деп тауып, ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *