ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМ ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ДӘН РИЗА

Шымкентте қалалық балалар клиникалық ауруханасында алғаш рет жүйке жүйелерін трансплантациялау бойынша күрделі операция жасалды. Қолының нерв жүйесі зақымдалған қарағандылық науқас қаладағы балалар ауруханасына 26 мамырда жоспарлы түрде жатқызылған. Пациентке алғашқы медициналық көмек пен оңалту ем шаралары жүргізілгенімен, күткендей нәтиже бермеген. Сондықтан мамандар трансплантация жасауға шешім қабылдаған. Отада 14 жастағы науқастың қолындағы зақымдалған жүйке жүйесін орталық жүйке жүйесіне жалғады. Күрделі отаны балалар ауруханасының нейрохирургы Самат Көкшебаев пен №1 қалалық клиникалық ауруханасының нейрохиургы Айбол Сансызбаев жүргізген. Операция кезінде жүйке жүйелерін байланыстыру үшін микрохирургиялық аппарат қолданылды.
Тәжірибелі дәрігерлердің арқасында ота сәтті өтті. Науқастың жағдайы жақсы болғандықтан, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бірер күнде пациент үйіне шығарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *