9 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ ЖАҢАРАДЫ

Биыл Шымкентте қайтарымды қаржы негізінде 9 көпқабатты тұрғын үйдегі 13 жеделсаты жаңартылады. Бұл бойынша қазіргі таңда қаржылық-экономикалық негіздеме қорытындысы күтілуде.

Аталған негіздемеге сәйкес, қаржы қаралған соң, мердігер мекемемен келісім шарт түзіліп, орнату жұмыстары жүргізілмек. Келісім шарт бойынша мердігерге орнатылатын жедел саты қызметі үшін 2 жыл кепілдік міндеттелген.
Тұрғын үйлердегі жеделсатылардың тозығы жетіп, ескірген. Техникалық сараптама жүргізуші мамандар ескі жеделсатылардың өндірістен алынғанына
25 жылдан асқанын алға тартып отыр. Тиісінше, жеделсатылардың көне модельдеріне қосалқы бөлшектер, тетіктер мен механизмдер де нарықта табыла бермейді. Сондықтан тозған және істен шыққан жеделсатылардың бөлшектерін ауыстыру, жөндеу мәселесі тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін. Сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес, ескі жеделсатыларды одан әрі пайдалануға рұқсат жоқ. Яғни, толығымен ауыстыру қажеттігі анықталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *