ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында: «Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз. Несие ресурстарының тапшылығы отандық бизнес үшін үлкен проблема болып отыр. Қазақстанда шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 42 миллиард долларға жуық қаражат жетіспейді. Сөйте тұра, банктерде триллиондаған теңге қаржы іс жүзінде экономикаға еш пайдасын тигізбей босқа жатыр. Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Үкімет бірлесіп, нақты секторды тұрақты әрі қолжетімді несиемен қамтамасыз ететін нақты шешімдер қабылдауға тиіс. Ұлттық банк қазіргі ахуалдың өте күрделі екенін ескере отырып, барынша икемді қимылдауы, тіпті тапқырлық танытуы керек. Шетелдерде бұған қатысты оң тәжірибелер бар. Өнім өндіру үшін, ең алдымен, жер керек. Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық»,- делінген еді.

Облысқа жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі — 1 млн 21,3 мың тонна. Оның ішінде бюджеттік ұйымдарға – 140,2 мың тонна; жылу беретін кәсіпорындарға – 129,7 мың тонна; жеке тұрғындарға — 468,5 мың тонна; жылыжайларға – 282,9 мың тонна. «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-ң мәліметі бойынша, осы жылдың 1 мамыр-14 тамыз аралығында облысқа 178 мың тонна көмір жеткізілген. Көмір вагондары аймаққа тұрақты түрде келуде.

Өңірлік операторлардың ақпаратына сәйкес, қазір сақтау қоймаларында 134,3 мың тонна көмір қоры бар. Бүгінгі таңда Шұбаркөл көмірінің орта бағасы сортына (фракциясы) қарай тоннасы – 15-20 мың теңге аралығында. Ал алшақ елді мекендерді жеткізу құнымен есептегенде көмір бағасына тоннасына 18-24 мың теңгеге дейін барады.

Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалдаумен облыста 16 өңірлік оператор айналысады. Өңірлік операторлар аудан, қала әкімдіктерімен анықталған. Ескерте кететіні, баға арзан әрі қажеттілік аз кезде алдын ала қамданып көмірді алып алған жөн. Себебі, күз-қыс айларында көмірге қажеттілік күрт өсіп, алып-сатарлар бағаны шарықтатып жіберуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *