ОТЫРАР: ГРАНТ ҚАРАЖАТЫМЕН КӘСІП БАСТАҒАН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел ертеңі жастардың мәселесін тілге тиек ете кетті. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі деп атап өтті.«Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

– Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Жастар болмаса, мұнымен кім айналысады? Қазір Илон Масктың тәжірибесі мен өмірлік ұстанымын үлгі ету үрдіске айналды. Иә, ол отбасымен бірге шалғай провинциядан Америка Құрама Штаттарына келді. Өзінің креативтілігінің, батылдығының, өзіне тән ерекшелігінің арқасында «Илон Маск феноменін» қалыптастыра алды. Мұндай мысалдар өте көп. Жақында Мен Нью-Йоркте Американың жоғары оқу орындарын бітіріп, америкалық компанияларға жұмысқа орналасқан жастарымызбен кездестім. Мен оларға: «Біз сіздерді Қазақстан азаматтары деп білеміз. Сіздер – қазақсыздар. Нью-Йорк немесе Еуропа елдері болсын, әлемнің дамушы елдері болсын, қай жерде жұмыс істесеңіз де, қазақ болып қаласыздар» деп айттым, – деген еді Мемлекет басшысы.

«Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Отырарда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен жыл басынан бері жоба аясында 35 азамат кәсіптік бағытта 400 АЕК көлемінде грант қаражатын алып, өз кәсібін бастаған.

Ұлттық жобаның игілігін көрген жанның бірі Шәуілдір ауылының тұрғыны Айдар Бақберген Шералыұлы. Ол 2023 жылы мемлекеттен қайтарымсыз 1 380 000 теңге грантын жеңіп алып, кір сабын шығаратын шағын кәсіп бастаған.

Қазіргі таңда Бақбергеннің шағын цехы бір күнде орта есеппен 1500 дана сабын шығарады. «Бақберген» жеке кәсіпкерлігінің иесі алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, аудан халқын тұрмыстық кір сабынмен қамтамасыз етуді жоспарлауда. Кәсіпкер болашақта 3 адамды жұмыспен қамтып, сабын өндірісін одан әрі жандандыруды көздеп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *