ТҮРКІСТАН: Шардарада жиырмадан астам көшеге асфальт төселеді

Қыркүйек айының ортасына дейін толықтай асфальт төселіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Биыл Шардарадағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде жеті көшеге асфальт төселеді. Шардара ауданындағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі бойынша Республикалық бюджет есебінен «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 7 көшеге асфальт жабындысын төсеу ұсынылған болатын. Мемлекеттік сатып алу Заңы аясында қазіргі таңда Шардара ауылындағы Ә.Нұршаев, Абылайхан және Ж.Жабаев көшелеріне «Строй Монтаж» құрылыс компаниясы» ЖШС асфальт төсеу жұмысын атқаруда.

Қазіргі кезде Ә.Нұршаев, Абылайхан көшелеріне толық асфальт жабындысы жабылып, жұмыстар сапалы аяқталды. Бүгінгі таңда Ж.Жабаев көшесіне асфальт жабындысын жабу жұмыстары жүргізіліп жатса, қалған Ә.Молдағұлова, Сыпатаев, Б.Қаныбеков, Тәуелсіздік көшелеріне Мемлекеттік сатып алу Заңы қорытындысы негізінде қыркүйек айының ортасына дейін толықтай асфальт төселіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы ауылдық округ бойынша елдімекендерді қоса алғанда 36,17 шақырым жол болса, оның осы уақытқа дейін 5,51 шақырымына асфальт төселген. 2023 жылы Шардара ауылындағы осы 7 көше, 6,47 шақырым жолға «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша асфальт жабындысы төселеді. 2024 жылға «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша тағы 15 көше, яғни 17,4 шақырымға асфальт жабындысы жабылады деп жоспарлануда.

2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жөнделуі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Көлік-логистикалық саланы дамыту да аса маңызды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 1-кезеңі сәтті өтті. Ол елорда мен өңірлерді жалғастыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негізі қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздеріне жол ашты, — деді ол.

Президент атап өткендей, «Нұрлы жолдың» 2-кезеңі көліктік-транзиттік сектордың көшбасшы рөлін нығайту үшін жұмыс істеуі керек.

Елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсуі керек. 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды қайта жөндеп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керек, — деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *