ТҮРКІСТАН: Қазығұртта күн сайын 5 тонна жоңышқа ұрығы өндіріледі

Аталған серіктестіктің 120 гектар егістік жері бар. Қазығұрттық шаруа жоңышқа ұрығынан күніне 5 тонна өнім алады. Отандық шаруалар ең көп өсіретін мал азықтық дақыл жоңышқа екені белгілі. Бүгінгі таңда күнгей өңірде жоңышқа егіп, мал азығына жаратып, сатумен де айналысатын шаруалар да аз емес. Сондай-ақ, жоңышқаның тұқымын орып, оны өндіріп табыс тауып отырған кәсіпкер-шаруалар да бар. Соның бірі Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округіндегі «Жаңабазар агро» ЖШС-ң төрағасы, кәсіпкер Серік Көкішев. Аталған серіктестіктің 120 гектар егістік жері бар. 2016 жылы құрылған нысан бүгінгі таңда жоңышқа егумен және тұқымын өндірумен айналысып келеді. Өнім өндіру үшін арнайы «Педкус — 218», «Педкус — 290» секілді препараттары мен техникалары да бар. Кәсіпкердің айтуынша, күніне бес тоннаға жуық жоңышқа ұрығы тазаланып өңделіп, сатылымға шығарылады. Айта кетсек, жоңышқа — бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Бұл өсімдіктің Қазақстанда 18 түрі өседі.

Елеулі экономикалық әсері мен кәсіпкерлер арасындағы жоғары сұранысты ескере отырып, Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қолданылуын ұзарту туралы шешім қабылдады, оның аясында тауар өндірушілер жеңілдікпен несие ала алады. Оны қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бағдарлама халық тұтынатын тауарлардың бәсекеге қабілетті отандық өндірістерін құруға, азаматтарды қажетті заттармен қолжетімді бағамен (киім, аяқ киім, жиһаз, ыдыс-аяқ және басқа да тұрмыстық заттар) қамтамасыз етуге, сондай-ақ импортты алмастыруға бағытталған.
Соңғы үш жылда бағдарламаға қатысушылар жергілікті өнім шығаруды орта есеппен 33%-ға ұлғайтты, 67 мыңға жуық жұмыс орны сақталып, құрылды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1 904 656 шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектісі тіркелген. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 31,1%-ға өскен. ШОБ субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі – 66,6%-ды, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларыдың үлесі – 21,1%-ды, шаруа немесе фермер қожалықтары – 12,2%-ды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 0,2%-ды құрады. Кәсіпкерлік нысандарының көпшілігі Алматыда (309 947), Астанада (212 402) және Түркістан облысында (196 031) жұмыс істейді.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің ең көп үлесі көтерме және бөлшек сауда саласына, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге (35,5%) тиесілі. Басқа қызмет түрлері 15,9%-ды, ал ауыл, орман және балық шаруашылығы 14,1%-ды құраған.

2023 жылдың 24 қаңтарында Мемлекет басшысына ұсынылған Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің жай-күйі туралы ұлттық баяндамаға сәйкес, 2015-2020 жылдар аралығында елдің жалпы ішкі өніміндегі ШОБ үлесі 24,9%-дан 32,8%-ға дейін өсті. Ал 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 35 пайызға дейін артуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *