Бүгінде аталған жоба аясында бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Келес ауданында «Ауыл аманаты» жобасымен құс шаруашылығын дамыту жұмыстары қолға алынды. Келес ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашылығын дамыту жұмыстары қолға алынбақ. Бүгінде аталған жоба аясында бірқатар түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің жетекші маманы Оразбай Бағдат Қайыржанұлы мен Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіру бөлімінің бас маманы Якиева Шынар Султансиковна қатысып, құс шаруашылығымен айналысуға ниетті аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
«Бүгінгі таңда еліміз бойынша «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. Соның ішінде құс шаруашылығын дамыту ел экономикасына едәуір серпін береді. Ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында іске асып жатқан жобадағы орташа несие көлемі 6 млн болып, сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайды», — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелендіру бөлімінің бас маманы Шынар Султансиковна. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алынды. Сұрақтардың басым бөлігі кепілге қойылатын жылжымайтын мүлік төңірегінде болды, алайда жауапты мамандар, қажетті сүйемелдеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Айта кетсек, Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында жылдан-жылға өнім көлемі ұлғайып келеді. Өткен жылы аталған саладағы өндірілген өнім көлемі 50,1 млрд теңгені құрады. Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 26,3 мың гектарға кеңейтіліп, 1,8 мың гектарға ұлғайды. Көкөніс, картоп және бақша дақылдары жалпы 541,9 мың тоннаға өссе, астық 34,5 мың тоннаға артты. Сондай-ақ, алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 325 жоба өз жұмысын бастап, 92,6 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері өндірілді. Одан бөлек, мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Ауданда 10 681,9 тонна мал мен құс еті, сондай-ақ, 39 833,7 тонна сүт пен 2279,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.