ТҮРКІСТАН: Төлебиде тағы бір ауыл газбен қамтылды

Тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу ісі жалғасып жатыр. Төлеби ауданындағы Қарақия елді мекені толығымен табиғи газға қосылды. Бүгінде Төлеби табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы елді мекен ішіндегі жобадан қалып қойған тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу ісі жалғасып жатыр. Осы орайда аудандағы Қарақия елді мекеніне орта қысымды құбырға газ жіберіліп, іске қосылды. Бұл жүйеден жалпы 14 абонент газды тұтынады. Қазіргі кезде, елді мекендерді газдандыру ісі аудан аумағында кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, Қарақия елді мекенінде 62 абонент (үй), 343 тұрғын тұрады. Қазіргі таңда аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылса, 4 елді мекенде әлі де құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады.

Сондықтан да Қасым-Жомарт Кемелұлы баға белгілеу ісіне мемлекет ара­ласудан бас тартатынын, бірақ монополистердің тарифтері қатаң бақылауда болатынын тағы да ескертті. Осы орайда монополияның табысын шектеу қажеттігі мен инфрақұрылымға инвес­тиция салуды қамтамасыз ету ара­сында тепе-теңдікті сақтаудың да маңыздылығына айрықша тоқталған еді. Президент өз жолдауында, Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек,- деген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *