«Еңбек» бағдарламасының аясы кеңейген. Жетісайлықтарға халқы аз өңірлергеқоныс аударудың тиімділігі түсіндірілді. Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданынан арнайы келген делегация жергілікті тұрғындармен кездесті. Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесудің басты мақсаты – аудан тұрғындарына көші-қон бағдарламасын кеңінен түсіндіру, халқы аз солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды таныстыру. Бұғандейін «Еңбек» бағдарламасы тек 4 облысты, яғни, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтып келген болса, енді бұл бағдарламаға Қарағанды облысының өңірлері де қамтылып отыр. Жүздесу барысында делегация мүшелері Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданына қоныс аударуға ниетті азаматтарға бос жұмыс орындары жайында кеңінен мәлімет беріп, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаралатын жеңілдіктер мен қолдаулардың барысымен таныстырып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиынға қатыса алмай калған, алайда, қоныс аударуға ниетті азаматтар Уалиханов ауданық «Мансап» орталығы филиалының +7 775 272 90 89; +7 771 896 95 19 байланыс номерлері арқылы толық ақпарат алуларына болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауында елдегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару – мемлекет жүргізіп отырған ең ұтымды бағдарламалардың бірі дейді мамандар. Былтырғы дерек бойынша осындай өңірлерге жалпы саны 1437 адам (412 отбасы) көшкен. Оның ішінде 744 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің ішінен 319 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылған.
Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы — еңбек нарығын дамыту және тұрғындардың, оның ішінде жастардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шараларды қабылдау. Сондай-ақ жұмыс күші тапшы өңірлерді жандандыру. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары да көзделген.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Қоныс аударған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі де жалғастырылатын болады. 2020 жылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6 379 адам (1 878 отбасы) мөлшерінде белгіленген. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты осы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қарастырады. Бағдарламаға қатысушылар жұмыс күші көп облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті түрде қоныстандырылады.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан қоныс аударушылардың өтініші қабылданса, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс күші қажет-ақ.