2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Жыл басынан бері Ясауи кесенесіне 460 мыңнан астам турист келген. Облыс орталығына келушілер қатары күн сайын артып келеді. Жыл басынан бері «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайына келуші зияратшылар мен туристердің саны 461 657 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан. Бүгінде шаһарда туристерге барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда туристер жайғасатын қонақ үйлер саны 56-ға жетсе, төсек-орын саны – 2 536-ға көбейген. Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды «Medina palace» қонақ үйі мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек. Ал облыс бойынша 225 орналастыру орындары оның ішінде қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерьлер және 68 санаториялық-курорттық ұйымдар жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Түркістан — Қазақстанның ТОП-10 туризмді дамытудың негізгі туристік дестинацияның қатарына қосылған болатын. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи және мәдени ескерткіш бар.
Облыстық әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өңірде туризмді дамыту бойынша облыста 3 негізгі бағыт айқындалған. Тарихи-танымдық бағытта туристерге 1770 тарихи-мәдени ескерткішті тамашалау ұсынылады. Экологиялық туризм бойынша облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи нысан орналасқан. Олар: «Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі. Экологиялық туризмді дамыту мақсатында 30 туристік маршрут құрылған.
Емдік-сауықтыру туризмі бағытында 72 емдік сауықтыру орны жұмыс істейді, нөмірлік қоры 7 940 төсек-орынды құрайды.
Жыл соңына дейін 2 емдік-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Жалпы, аталған бағыттар бойынша былтыр облысқа 470 мыңнан астам турист және 1 миллионнан астам қонақ келді.
Туризм саласына 69 млрд. теңге инвестиция тартылды. Осы арқылы 19 туристік инвестициялық жоба аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл 35 млрд теңгеге 10 жобаның іске қосылады деп күтілуде.