ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа білім ұясы пайдалануға беріледі

500 балаға арналған. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 500 балаға арналған жаңа мектеп қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің аумағы 20 га жуық аумақты қамтиды. Айта кететіні, мектеп жанынан жатақханада қоса салынуда. Онда алыс аймақтардан келіп оқитын балалар жайғастырылатын болады. Жаңа білім ордасының құрылысы — 487 млн теңгені құрайды. Мектеп түгелдей заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда оқушыларға сапалы білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Білім ұясында 25 сынып бөлмелері мен 150 орындық мәжіліс залы, 200 орындық асхана бар. Сондай-ақ мектепте пән бөлмелері, спорт зал, кітапхана бар. Онда оқушылар бір ауысымда оқитын болады. Алыстан келетін ауыл балалары үшін көлік тасымалы қарастырылған. Мектеп аумағынан балаларға арналған ойын алаңқайлары мен спорт кешендері салынған. Жаңа білім ұясында 60-қа жуық ұстаз және көмекші кадрлар тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Алдағы уақытта мектеп аумағынан заманауи балабақша және сауықтыру лагерін салу жоспарлануда.
Айта кетсек, Биыл Түркістан облысында 51 621 оқушы 1-сыныпқа барады. Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 188 мыңға жуық бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Облыста салынып жатқан 33 мектептің бесеуі 1 қыркүйекте тапсырылса, жыл соңына дейін 14-і және 2024 жылы 14 мектеп пайдалануға беріледі.

Жаңа оқу жылына дайындық барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Білім саласына қатысты мәселелер облыс әкімінің жігі бақылауында. Өңір басшысы облыстағы жалпы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен жылу маусымына дайындығын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарынының уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды жүктеді. Білім беру ошақтарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын, барлық балабақша, мектепке автобус тасымалдауы жайында тапсырмалар берді.

Облыстағы мемлекеттік 1 мың білім беру мекемелері 100% дабыл батырмаларымен қамтылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс білім беру ұйымдары күзет фирмаларымен келісім-шартқа тұруда. Қажеттікке байланысты беру ұйымдарының қоршауы жаңартылуда. Ішкі әжетханасын ретке келтіруі тиіс 89 мектепте кәріз жүйесін ретке келтіруі жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *