ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРДАРАЛЫҚТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Шардара ауданының тұрғындары көтерген мәселелер шешімін тапты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен Шардара ауданы тұрғындарының талабы бойынша Ұзын-ата ауылы арқылы өтетін облыстық маңызы бар тас жолының Шардара-Арыс-Темірлан бөлігіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Биыл бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп, 2 шақырым жерге 49 бағана орнатылды.

Мал шаруашылығын дамыту үшін жастарға 2,5 пайыздық несие беру үшін 165 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 7 азаматқа несие берілді. Бұл жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданының тұрғындарымен кездесті. Жаңа форматта өтіп жатқан есептік кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды. Осыған дейінгі кездесуде берген уәделердің қаншалықты орындалғанын халық алдында баяндады. Мәселені қалай шешу керектігін, жолдары мен жүйесін жақсылап түсіндірді. Одан кейін тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап берді.
– Шардара ауданы тұрғындары тарапынан көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағар май беретін оператордың жұмысына сын айтылған болатын. Оператор ауыстырылып, мәселе шешілді. Сонымен қатар тынайтқыштарды алу үшін мемлекеттік порталдың жұмысында ақаулықтар бар екендігі атап өтілген. Бұл мәселе де өз шешімін тапты. Көктем айларында шыбын-шіркейлердің шамадан тыс көбеюіне байланысты 244 гектар жерге 2 рет дезинсекция жүргізілді. Сырдария өзенінде биологиялық әдіспен залалсыздандыру жұмыстары маусым айында аяқталды. Келесі жылы да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады, – деді облыс әкімі.
Шардара қаласы, Төменгі тоғай шағын ауданын табиғи газға қосу үшін құрылыс жұмыстары басталып, соңғы қажетті 673 млн. теңге толық бөлінді. Нысан қараша айында пайдалануға беріледі. Шардара ауданындағы 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіруді үшін «Ислам Даму» банкі арқылы қаржыландыру жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 17,4 млрд. теңге, жұмыстар басталды.

– Айтылған мәселелердің барлығы орынды. Соның ішінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету – атқарушы биліктің, яғни біздің міндетіміз, Мемлекет басшысының бізге берген тапсырмасы. Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, мұңын тыңдау. Өзінің құзыреті аясында сол мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Бізге ешкім шеттен келіп, пробламамызды шешіп бермейді. Сондықтан барлық мәселе ашық айтылып, шешу жолдары қаралу керек, – деді жиналысты қорытындылаған облыс басшысы.

Ол сондай-ақ көпұлтты елімізде тұрақтылықтың тек қана ауызбіршіліктің арқасында ғана болатынын атап өтіп, халықты бірлікке, ұйымшылдыққа шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *