САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2023» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ІІІ ОРЫН ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өтті. Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 6 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып,ауданымыздың тұрғыны Ергешовтар отбасы иеленді.
Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады.

Отбасының отағасы Ергеш Жарылқасын Аппайұлы- ауданның құрметті азаматы, ғылым кандидаты, жұбайы Молдабай Злиха Қожаханқызы 5 ұл, 24 немере мен 3 шөберені ұлттық құндылықтарды насихаттай,қазақи салт-дәстүр мен ғұрыптарды сақтай отырып,тәрбие беруде.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 10 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығы белгілі. Себебі, қазақ халқы үшін отбасы деген қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ.

Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *