Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының 2020 жылғы 02 наурыздағы 40 санды бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидасының 101- тармағына сәйкес «Б» корпусының бос мемлекеттік қызметшілері арасындағы жарияланған ішкі конкурс бойынша Түркістан облысы әкімі аппаратының конкурс комиссия отырысының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға оң қорытындысын алған Ақмұратов Мейрамбек Жәмәділұлы аудан әкімінің 23-ші тамыздағы 241 санды өкіміне сәйкес аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған орынбасарды аудан әкімі Азат Оралбаев таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Мейрамбек Жәмәділұлы 1976 жылы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Алматы экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Ордабасы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып бастаған.
2006-2010 жылы аралығында Ордабасы аудандық кәсіпкерлік бөлімінде бас маман, бөлім басшысы;
2009-2017 жылы Ордабасы аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы, аппарат басшысы;
2017-2018 жылы Ордабасы аудандық жер қатынастар бөлім басшысы;
2018-2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Ордабасы ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарып келген.
Еске салсақ, осыған дейін облыс әкімі Ордабасы ауданына жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелер міндеттеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген бағытта халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді, ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына инвестициялар мен озық технологиялар тартып, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасап, ауыл, елді мекендері жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыруды тапсырды.
Азат Оралбаев 1983 жылы Ордабасы ауданында туылған. Білімі жоғары. Алматы экономикалық университетін әлемдік экономика мамандығы бойынша бітірген.