Сарыағаш: Желтоқсан айына дейін 3 мектептің құрылысы аяқталады

Сарыағаш ауданында желтоқсан айына дейін 3 мектептің құрылысы аяқталады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында былтыр 9 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 4 мектеп пайдалануға берілсе, 5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, биыл аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша жалпы 63 мектептің құрылысы жоспарланса, оның 10 мектебі Сарыағаш ауданында салынады. Бұл мектептер алдағы екі жылда пайдалануға беріледі.

Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы бірқатар нысандардың құрылысы жүргізілуде. Жаңатұрмыс, Қарақалпақ, Жонарық елді мекендерінде бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы былтыр басталып, биыл аяқталады. Жемісті, Тың елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы биыл басталатын болады. Одан бөлек, Қабланбек ауылдық аурухана бөлімшесі ғимаратына 101 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Балаларға арналған оңалту орталығы» ашылып, пайданалуға берілді. Сонымен қатар, 1,6 млрд. теңгеге Сарыағаш аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл аяқталады.

Биыл Құрама және Жылға елді мекендерінде спорт кешенінің құрылысы басталды (жалпы құны 2,3 млрд. теңге, биыл 550 млн. теңге бөлінді). Мәдениет саласы бойынша Диханбаба ауылынан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы басталып, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ Қанағат елді мекенінен 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы басталды. Нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады.

«Еңбек» бағыты бойынша 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды (1 080 тұрақты, 2 055 уақытша). Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 316 жұмыс орындары ашылды.

— Құрметті жерлестер, өздеріңіз көріп отырғандай, барлық салаларда қарқынды жұмыстар атқарылуда. Біздің мақсатымыз – облысымыздың әрбір елді мекенін дамыту. Осыған орай назарды тек облыс орталығына ғана аудармай, қалған 16 аймақты да көркейту, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды. Аудан әкімі, өз кезегінде, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін көтеруге бар күш жігерін жұмсауы керек. Сарыағаш ауданында инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындарды ашу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Тек аянбай жұмыс істеу қажет. Биыл облыстағы барлық ауданды бірнеше рет аралап, елді мекендерді абаттандыру бойынша жергілікті әкімдерге тапсырма берген болатынмын. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынды. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар деп ойлаймын. Әрине, бұл жұмыстар – жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі. Дегенмен, ауданның бәсекеге қабілетті, дамыған, қауіпсіз әрі таза болуы барлығымызға қатысты. Сондықтан барлықтарыңызды, ауданды дамыту жолында аудан әкімімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын,-деді облыс әкімі.
Тұрғындармен дидарласқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды елдімекендерді дамыту мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған игі істер жалғасын таба беретінін айтты. Сарыағаштықтардың барлық сауалдары мен ұсыныс-пікірлерге жауап берді. Талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр 6 ай сайын халыққа атқарылған жұмыстың есебін беріп, тұрғындарды толғандырған мәселелермен жақын танысады. Мұндай жиындар өңірдегі барлық аудандар мен қалаларды қамтиды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *