Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ ТҮБІ ТЕРЕҢ» атты аудандық көркемсөз байқауы өтті. Байқау Бабайқорғанның тумасы, Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Халықаралық жазушылар мен публицисттер қауымдастығының мүшесі, “Құрмет” орденінің иегері ҚАСЫМХАН БЕГМАНОВТЫҢ шығармашылығына арналды.
Байқауға 12 ауылдық округтен 15 үміткер қатысты. Қатысушылардың жасына шектеу болмады. Қатысушылар Қ.Бегмановтың шығармаларын мәнерлеп оқыды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқауларды өткізу арқылы ауданнан шыққан ақын, жазушылардың шығармаларын халық арасында насихаттау. Тілге деген құрметті өлең арқылы көтеру.
Байқауға облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, «Бәйшешек» балабақшасының меңгерушісі, «Ұмай ана» аналар кеңесінің төрайымы Тамара Ерімбет, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алтын қауырсын» номинациясының иегері, Сауран аудандық мәдениет үйінің режиссеры Сайлаухан Жоланов қазылық етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Абай ауылынан Махамбет Айкөркем иеленді. І- орын ХХХ жылдық ауылынан Анарбай Аружанға бұйырды.
ІІ-орынға Нұртас ауылынан Қалдыбекқызы Нұрбақыт лайықты деп тағылды. ІІІ- орынды Жүйнек ауылынан Сәрсенбек Жәудірге табысталды.
Қ.Бегманов Сауранның мақтанышы. Өрелі өлеңімен жастарға рух беріп жүрген қаламгер. Туған елдің қаламгерлерін ұлықтау мұнымен тоқтамайды. Шығармаларын халық арасында насихаттайтын мұндай шаралар дәстүрге айналмақ.
Қ.Бегманов 1975 жылы Казақтың политехникалық институтына оқуға түсіп, 1980 жылы инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдайды. 1980-1982 жылдары Түркістан ауданына қарасты «Куйбышев» колхозында инженер-механик болып қызмет атқарады. 1982-87 жылдары Шымкент облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы болады, 1987 жылы Түркістан калалық мәдениет бөліміне меңгерушісі болып орналасады.