ТӨЛЕБИ: Мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын бақылау жұмысы жалғасуда

Облыстағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын бақылау Сайрам және Төлеби аудандарында жалғасты. Жалпы өңірімізде 21 білім ұясында құрылыс жүруде. Оның 16-ы жаңа оқу жылына тапсырылуы қажет. Кешіктіргендерге қатаң шаралар қабылданады. Сарыағаш ауданында тиісті міндетін орындай алмағаны үшін “Шаңырақ-21” компаниясына 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал аталған аудандағы екі мектепке арнайы барып, жауаптылармен мәселенің мән-жайын анықтап қайттым.

Төлеби ауданындағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебінде 415 оқушы білім алады. 43 жыл бұрын пайдалануға берілген. Күйген кірпіштен соғылған білім нысанында бұған дейін шатырлар, есік-терезелер ауыстырылған. 2022 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталған. Оған жергілікті құрылысшылар тартылыпты. Нысанның ішкі жұмыстары аяқталуға жақын. Осы айдың соңында пайдалануға тапсырылады. Елудей жұмысшы еңбектенуде. Жоспарға аздап өзгеріс енгізіліп, асхана кеңейтілген. Өйткені 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылады. Сол кезде кедергілер орын алмауы керек.

Ал Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылындағы №6 Киров атындағы жалпы орта мектебінің жөндеу шаралары «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде. 750 орындық ғимарат 1978 жылы салынған. Бүгінде аталған мектепке 1100-ден астам оқушы барады. Күрделі жөндеу 2022 жылы басталғанымен, осы жылға өтпелі болған. Биыл тиісті қаржылар қаралды. Компания басшысына түнгі ауысымға көшіп, кешіккен кестені бір аптада қуып жетуге талап қойдым. Егер орындай алмаса айыппұл арқалайды. Қазіргі кезде 70-тен астам жұмысшы қызу еңбек етуде. Санаулы күндерде ішкі жұмыстар аяқталуы тиіс.

Облыс басшысы Дархан Амангелдіұлы да жаңа оқу жылына дайындықты күнделікті қадағалап отыр. Сондықтан да барлық мердігерлерге жұмысшы санын көбейту, сапасына аса мән беру, кестеге сай аяқтауды тапсырдым. Білім басқармасы мен жергілікті бөлімдер күнделікті қадағалап, есебін беріп отырады. Басты талап-нысандар жаңа оқуы жылына толық тапсырылуы қажет. Мердігерлер алдағы он күнде екі ауысыммен тынымсыз атқаруға уәделерін беріп, жұмысшы бригадаларын көбейтуге кірісті. Қыркүйекте оқушылардың білім алуына кедергі болмауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *