ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында мектеп жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңке жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды мектеп формасымен және мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.

«Мектепке жол» акциясы аясында өткен жәрмеңкеге Шымкент қаласындағы «Авто Нұр», «Алаш» сауда орталықтары мен Шолаққорған ауылының саудагерлері келіп қатысты.
Аудан көлеміндегі елді мекендерден ата-аналар келіп, оқушыларға қажетті оқу-құрал жабдықтары мен киім-кешектер сатып алды. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар демеушілер мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысы Е.Кадырбектің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйі алдындағы аллеяда «Жақсылықты жаса» ұранымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өткізілді.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Жәрмеңкеге жергілікті кәсіпкерлер оқу-құралдарын, мектеп формасын, мектепке қажетті құрал-жабдықтарды тұтынушыларға жеңілдікпен ұсынды. Жәрмеңкеге «Алатау текстиль», ИП «Сабыров», ИП «Алтынбеков», «Заря» Отандық өнім Балалар аяқ киімі және Түлкібас ауданының сауда орталықтарының саудагерлері өз заттарын көпшілікке ұсынды.
Осы аталған акция аясында ауданымыздың белсенді азаматтары яғни демеушілер есебінен 500-ге жуық оқушыға мектеп формасы мен оқу-құрал жабдықтары табысталып, балаларға қуаныш сыйлады. Жомарт жандар бастаған бұл қайырымдылық іс-шара талай бүлдіршіндерді қуантары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *